28.09.2026, 20:00
Оқылды: 30

Оралда дәстүрлі ән өнерінің саңлақтарына «HALYK» қоры мен банкінің демеушілігімен автокөлік табысталды

Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармониясының маусымашар концертінде мекеме басшысы Бауыржан Халиолла сүйінші хабар жеткізген еді.

b016ee5f-c5d1-4e48-ace6-5dde7fffcc21

Ол Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің қолдауымен 29-30 қыркүйек күндері дәстүрлі ән айтудағы жаһандық көрсеткішті жаңартуға арналған ауқымды жоба жүзеге асатынын хабарлаған болатын. Ұлттық өнерді дәріптейтін бұл игі бастаманың бас демеушісі ретінде «Тимур Құлыбаевтың «HALYK» қайырымдылық қоры» мен «HALYK» банкі атсалысып отыр.

Маусымашар кезінде «HALYK» банкінің облыстық филиалының директоры Жасұлан Жұмабеков дәстүрлі ән өнерінің қос саңлағы — «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев пен «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Кәкімовке автокөлік сыйға тартылатынын мәлімдеген еді.

Бүгін «Атамекен» концерт залының алдында демеушілер тарапынан «CHANGAN CS55 PLUS» маркалы екі автокөлік филармонияның жауапты тұлғаларына ресми түрде табысталды.

27e32302-c444-422f-bb56-f175edc98055_edit_220512604825671

Ұйымдастырушылар осындай ауқымды жобаға жан-жақты қолдау көрсетіп отырған облыс әкімі Нариман Төреғалиевке, «Тимур Құлыбаевтың «HALYK» қайырымдылық қоры» жеке қорының бас директоры Сағынбек Шункеевке және «HALYK» банкі облыстық филиалының директоры Жасұлан Жұмабековке шынайы алғысын білдіреді.

Айжан Амангельдина, 

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале