Бөкей ордасы аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен, аудан әкімінің қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХІ сессиясы өтті.

Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, округ әкімдері мен мекеме басшылары онлайн және оффлайн форматта қатысты. Сессия күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
Алдымен аудан басшысы Нұрлыбек Даумов сөз алып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бойынша мәлімет берді. Әкім өз сөзінде аудан аумағында іске асырылған іс-шаралар мен алдағы уақытқа белгіленген жоспар бойынша толық айтты.

Аудандық мәслихаттың аппарат жетекшісі Ержан Айтқалиев мәслихат аппараты басшысының лауазымдық нұсқаулығына қатысты заңнама өзгерістерінен хабардар етсе, аудандық әкім аппаратының бас инспекторы Нұрфат Бисекенов аудан әкімдігі жанындағы комиссия құрамына қатысты өзгерістер бойынша мәлімет берді.

Күн тәртібінде көтерілген мәселелерге қатысты ұсыныстар мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан мақұлданды.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы