4.06.2020, 12:33
Оқылды: 62

Ақжайықта - 33 «Алтын белгі», 22 үздік аттестат

Мерекеге сай безендірілген алаң, жүздері қуаныштан бал-бұл жайнаған ұл-қыз. Түлектердің кеші десе, тап осы көрініс көз алдымызға келеді.

4CC4286B-B44E-49BF-811E-F70FB1E0B9D4

Биылғы мектеп бітірушілер де осындай мерекені армандамады емес, армандады. Бірақ әлемді жайлаған пандемияға байланысты оларға аттестаттары үйлерінде табысталды.

«Биыл орта мектепті 336 түлек тәмамдады, олардың 33-і «Алтын белгі», 22-сі үздік аттестат иегері, - дейді аудандық білім бөлімінің бас маманы Шынар Әлсейітова, - бүгін осы түлектерге аттестат табысталып, мектеп басшылығы мен сынып жетекшілері білім ордасының құттықтауын жеткізді».

Атап айтар болсақ, Талап орта мектебінен - 4, О.Исаев атындағы, Қ.Байсықов атындағы, Бударин, №1 орта мектептерінен - 3, М.Әуезов атындағы, Жаңабұлақ, Краснояр, Есенсай орта мектептері, Абай атындағы мектеп-гимназиядан - 2, Бітік, Мерген, Ғ.Махамбетов атындағы, Тайпақ, мектептерінен 1 оқушы «Алтын белгі» иеленді. Ал Алғабас, С.Ошанов атындағы, Қ.Байсықов ат., №1 орта мектебінен - 3, Бударин, Ғ.Махамбетов атындағы мектептен - 2, М.Әуезов атындағы., Бітік, Краснояр, Талап, Харькин, Базартөбе мектептерінен 1 түлекке үздік аттестат табысталды.

Әлия Серік

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале