Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев актив отырысында БҚО әкімі аппаратының жаңа басшысын таныстырды.
Облыс әкімінің өкімімен және ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Берік Батаев тағайындалды.
Берік Әділгерейұлы Батаев 1967 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген, білімі жоғары. Ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
– БҚО, Қаратөбе аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясының экономисі;
– Алматы қаласы, «ТұранӘлемБанк» ЖАҚ, «Үміт» зейнетақы жинақтау қоры» ЖАҚ-да;
– БҚО, Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры,
– БҚО, Зеленов ауданының әкімі;
– Ақмола облысы, Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры;
– Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының әкімі,
– ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
2019 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.
Облыс активі алдында сөз алған Берік Батаев өзіне сенім білдіргені үшін Президент Әкімшілігінің басшылығы мен облыс әкіміне алғысын айтып, өңірді өркендетуге бағытталған маңызды міндеттердің орындалуы жолында білімі мен біліктілігін аямайтындығын жеткізді.
Нұрбек Оразаев
zhaikpress.kz