4.06.2020, 13:53
Оқылды: 25

Қаратөбе ауданында коронавирус жағдайы тіркелді

Қазіргі таңда облысымызда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 776 адамға жеткен. Бүгін, яғни 4 маусымдағы ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Аманша Төлеуовтың мәлімдеуінше Қаратөбе ауданының 1 тұрғынынан короновирус инфекциясы анықталып отыр.
C533588D-8A3E-4ABF-BCF0-D3D2E08D57AF

3 маусым күні аудандық ауруханаға қаралған әйел адамнан алынған сынама қорытындысы бойынша коронавирус жұқтырғандығы белгілі болған. Ауруға шалдыққан азаматша облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Анықталған жағдай бойынша Қаратөбе аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарымен эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізіліп, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Эпидемиологиялық тергеу барысында анықталған адамдар оқшауланып, олардан да зертханалық сынамалар алынуда.

Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы уақытша жабылып және науқас анықталған үйге карантин жарияланды. Ауру анықталған ошақта дезинфекциялық шаралар ұйымдастырылды. – дейді ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Аманша Төлеуов.

Коронавирус инфекциясының қауіптілігі әлі де азайған жоқ. Сондықтан тұрғындардан адам көп жиналатын жерлерге бармау, қолды жиі жуу, жабық нысандарда маска кию, дүкен, дәріханаларға барғанда әлеуметтік қашықтықты сақтау, үйді жиі желдету, дезинфекциялық шараларды жүргізу сияқты алдын алу шараларын сақтау сұралады. Карантин кезінде жиын-тойларға тыйым салынған. Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары белгіленген режим бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін екендігін ескертеді. 

 Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале