Жаңақала ауданында «Жасыл ел» бағдарламасы 2018 жылы бастау алған еді.
Бағдарламаның басты мақсаты студент жастарды демалыс уақытында жұмысқа тартып, өңірлерді көгалдандыру. Биыл үшінші рет іске асып жатқан бағдарламаға 70 студент қатысуда. «Жасыл ел» жасағы ауданда маусым айының басынан бастап іске кірісті.
– «Жасыл ел» бағдарламасы жастар үшін қолайлы. Еңбекке араласып, демалыс уақытында ақша табады. Еңбекақылары екі бөлініп түседі. Ауылдық әкімшіліктен – 42 мың 500 теңге, облыстан – 35 мың 394 теңге төленеді. Биыл бірінші топта 34, екінші топта – 36 жас бар. «Жасыл ел» жасағының сарбаздары аудан орталығындағы саябақтардың тазалығына атсалысып, көгалдандыру үшін жұмыстанады, – дейді жастармен жұмыс жөнінде ресурстық орталығының басшысы Әділбек Нәсіпқалиев.
Жанайдар Болатбекұлы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер