12.06.2020, 14:57
Оқылды: 29

Еліміздің барлық өңірі ойын мекемелерінен тазартылды - Ерұлан Жамаубаев

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев экономикалық тергеу қызметі 26 ұйымдасқан қылмыстық топты жойғанын мәлімдеді.

Avtomat

«Экономикалық тергеу қызметінің штаты 2019 жылы 40%-ға қысқарды. Бұл жалақыны арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және жоғары білікті мамандарды тартуға мүмкіндік берді. Штатты қысқарта отырып, маңызды экономикалық қылмыстарды анықтау жағына баса назар аударылды. Осылайша 26 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды», –  деді Ерұлан Жамаубаев ОКҚ өткен халық алдында есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша іс жүзінде еліміздің барлық өңірі ойын мекемелерінен тазартылған. 655 заңсыз ойын орыны мен 18 жасырын казиноның жойылуын қоғам жылы қабылдаған.

«Тәуелсіз мемлекеттер достастығында алғаш рет салмағы 1,1 тоннадан астам ірі героин есірткі трафигі жойылды. «Қара» нарықта оның құны шамамен 350 млн. долларды құрайды. Бүгінгі таңда ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру көлемі 18%-ға дейін қысқарды», – деді ол.

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале