15.06.2020, 18:04
Оқылды: 18

«Birgemiz» қорынан біржолғы төлемақы берудің үшінші кезеңі басталады

Таяуда Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен «Birgemiz» қорынан біржолғы төлемақы берудің үшінші кезеңі басталмақ.

Birgemiz

Осы уақытқа дейін бұл қоғамдық қор тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды, бірінші топтағы мүгедектерді, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жанұяларды, ең төменгі зейнетақы алып жүрген зйнеткерлер (38 686 теңге) мен базалық зейнетақы алатындарды (16 839 теңгеден төмен), жетім балаларды (тұл жетім және асыраушысының бірінен айырылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендерді және тыл еңбеккерлері санатына жататын 1,6 миллион қазақстандықты қамтыған болатын.  Бұл аталмыш көмектен теректіліктер де  сырт қалған жоқ. «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Ибраевтың айтуынша, «Birgemiz» қорынан ауданымыздың 1652 тұрғыны 50 мың теңгеден материалдық көмек алған. Соның бірі – Федоров ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Айзада Наурызова.

– Шотыма  алғаш 50 мың теңге түскенде, қайдан келгенін, кім салғанын түсінбей қалдым. Соңынан «Nur Otan» партиясының қорынан екенін білдік қой. Аз-мұз қиналған кезде біздерді қолдап, қолұшын созған жандардың баршасына алғысым шексіз, – деді Айзада Мұхтарқызы.

Айта кетелік, материалдық көмек алғандар партияның аудандық филиалының әлеуметтік желідегі парақшаларына  да өз ризашылықтарын білдірген видеоларын жүктепті.

Аягөз  Айтқалиева

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале