15.06.2020, 18:26
Оқылды: 54

Саройлық түлектер ауылға тарту жасады

Әркімге туған жері, елі қымбат. Адам баласы үшін туған өлкесінен артық ештеңе жоқ. Туған жер аялаған ананың, қолпаштаған әкенің, туған-туыс, жора-жолдастың кіндік қаны тамған, туып-өскен жері.  Қасиетті жерде білім нәрімен сусындаған алтын ұя мектебі, балалық шағы өткен ауылы бар.

Saroi (6)
Сарой ауылдық округінің 1988 жылы туған, 2005 жылы жалпы білім беретін Абай орта мектебін бітірген елжанды түлектері кіндік қаны тамған туған ауылы  Шағырлойдың саябағына  "Meniń jűregim Shaģyrloı" композициясын орнатты. Жоба құны – 800 мың теңге. Композицияны  ауылдың  Сарой ауылдық округінің тумасы,  қазіргі уақытта Орал қаласында  түтінін түтетіп отырған жеке кәсіпкер Ернар Тоқтасынов жасады.
Saroi (7)

 

Айбол Жакиев,

Сарой ауылдық округінің әкімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале