17.06.2020, 11:44
Оқылды: 27

Үкімет салықты өсіру жайын талқылап жатыр

Кәсіпкерлер қауымдастығы қызу талқысындағы салық ставкалары - ҚҚС-ны 16% -ға дейін және КТС-ты 24% -ға дейін көтеру туралы Үкіметтің талқылауына қатысты ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Salyk

Ол ҚР Ұлттық экономика министрлігінде салық салуды жақсарту және бюджет кірістерін ұлғайту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылғанын айтты. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, Атамекен ҰКП өкілдері, Парламент депутаттары, экономистер кіреді.

– Бірнеше кездесу өтті. Жұмыс тобының мүшелері өз ұсыныстарын айтып жатыр. Бүгінгі таңда 77 ұсыныс түсті. Ұсыныстар талқыланады, қажетті есептеулер жүргізіледі. Жұмыс тобының міндеті - салық төлеушілер мен экономикаға әсер ету мүмкіндігіне қатысты барлық ұсыныстарды мұқият зерделеу және талдау. Жұмыс тобындағы талқылаулардың нәтижелері бойынша нақты ұсыныстар пакеті жасалады, олар қоғамдық талқылауға және Үкімет қарауына жіберіледі. Алдын ала нәтижелер биыл тамыз айында жарияланады, деп мәлімдеді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале