19.06.2020, 10:54
Оқылды: 42

Ақжайықтағы орталық қамқорланушылары табиғатта демалғанды ұнатады

Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт сыйлайды, баға жетпес байлық Ол - ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Адамның өмірі осы табиғатпен тығыз байланысты, ал өмірдің түрлі сынақтарына кезігіп, қамкөңіл жүрген жандарға саф ауамен тыныстап, табиғат аясында жиі болудың өзі дәру екенін ғалымдардың өзі дәлелдеп берген.

BDAC4FF8-8545-4D40-A1E0-D556A4837241

Осы орайда Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қамқорланушыларға таза табиғатта демалып, олардың серуендеуіне жағдай жасалған. Мамандардың қадағалауымен олар өлке табиғатымен танысып, орман ішінде серуендеп тұрады. Қым-қуыт тірлікпен айналамызға көп жағдайда көзімізге іле бермейтін бізге қарағанда, оларды құстардың сайрағаны, жыбырлаған жәндіктердің қозғалысының өзі таң қалдырады. Ағаш астындағы көлеңкеде сая тауып, демалғанды да ұнатады.

Осындай сәттерде олар бір сәт болса да, өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезініп, тән мен жан-жарасын ұмытқандай болғанын байқаймыз. Оларға жағымды болсын деп, мекеме ауласы көгалдандырылдық, түрлі-түсті  гүлдермен жайнап тұр. Жеміс ағаштарымен көмкерілген бау-бақшаның да күтіміне араласып, мәз-мейрам болып жатады.  Біздің қамқорланушыларымыз үй қояндарын баптап, өсіріп отыр. Оларға арнап, тор үйшіктерді де жасап қойды. Орталықтың пациенті Саиидин Исмуратов қояндардың күнделікті тамағын, шөбін, суын беріп, қадағалап отырады.

Биыл мекеме басшысы Асылбек Төлегенұлының қолдауымен орталықтың ауласынан жер бөлініп, картоп өнімі егілді. Тағдыр тауқыметін тартқан мүмкіндіктері шектеулі жандарға таптырмас ермекке айналған бұл танаптың басында қызу еңбек.

Біздің мекеме жылда қамқорланушыларды «Шалқар» көліне жоспар  бойынша демалысқа, шомылуға апарады. Егер шектеу шаралары алынса, биыл да осындай саяхатты жоспарлап отырмыз. Шалқар көлінің жағалауында футбол, жағажай волейболы, өзге де түрлі  бәсекелер ұйымдастырылып, қамқорланушылар ғажайып, әсем көлден көтеріңкі көңіл күймен оралады.

Жылдың екі мезгілінде де біздің пациенттер Жайық өзенінің жағасына барып, балық аулайтыны бір бөлек әңгіме. Керемет көңіл күй сыйлаған таза ауадағы демалыс үшін қызмет алушылар дән риза. Бұл ұмытылмас ғажайып күндер қамқорланушылардың жанына шуақ шашып, нұрын төге түскендей.

Ақмарал Елеусинова

Ақжайық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының кітапханашысы

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале