19.06.2020, 14:23
Оқылды: 47

Теректілік мәдениет қызметкерлері жұмысшыларды акциямен қолдады

Жасыратыны жоқ, Теректі ауданының Ақжайық ауылы тұрғындары ауылішілік жолдың жөнделуін ұзақ жылдардан бері зарыға күтті. Ауыл халқының сол тілегі қабыл болып, биыл ауылдың кіреберіс негізгі көшесіне сымдай болып жол тартылатын болды.  

25A28F9C-2645-4BC4-9056-A0BB7F4A89A7

Бұл күнде құрылыс басында «Астрадор» фирмасына қарасты "Ақ жол" мекемесінің жұмысшылары жұмыла еңбек етуде.

D082A1BA-B445-4EBB-928C-8169E329AEE1

Жаздың шіліңгір ыстығына қарамастан межелі уақытта жол құрылысын аяқтау үшін тер төгіп жүрген жұмысшыларға қолдау көрсетіп, дем беру мақсатында  Ақжайық ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері  «Еңбекті бағалайық" акциясын ұйымдастырды.  Мәдениет саласының мамандары жұмысшыларға ыстық бауырсақ, салқын көже таратып, ұлттық аспаптармен әсем әндер шырқап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Бекзат Сәбитұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале