Құрметті оқырман, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы көрсетілетінін білерсіз. Ал олардың негізгі бөлігін растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады. Сонымен, ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болады?
-Egov.kz порталына кіріңіз;
-Басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
- Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз;
-ЭЦҚ түрін таңдаңыз да ЖСН нөміріңізді теріп, қызметке тапсырыс беріңіз;
- Жеке басыңызды растайтын құжат түрін таңдаңыз;
-Телефоныңыздың нөмірі мен SMS кодты теріңіз;
-Бейне сәйкестендіру сілтемесіне өтіңіз де, камераға қараңыз;
-Жеке кабинетіңізге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтіңіз;
-Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсіру» арқылы порталға енгізіңіз;
-Құжат жүтелген соң, жеке кабинетіңіз үшін енгізген жасырын сөзді теріп, оған кіріңіз;
- Өтініштің электронды нұсқасына электронды мекенжайыңызды қосыңыз;
-Кілтті сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетіп өтінішті жіберіңіз;
-Соңғы беттен өтініштің статусын көре аласыз;
- Кілт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгізіңіз;
-Сертификатты жүктеңіз.
zhaikpress.kz