Батыс Қазақстан облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 46 адам тіркелді.
Зертханалық сынама 12 пациенттен өздеріне дейін коронавирус инфекциясымен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін, 10 адамнан эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша, 2 адамнан профилактикалық мақсатта алынса, 22 адам ЖРВЖ белгілерімен өздігінен медициналық көмекке жүгінген
Орал қаласында жұқпаның - 29, Бәйтерек ауданында -4, Теректі ауданында - 1, Тасқалада -8, Жәнібекте - 1, Сырымда - 1, Ақжайықта - 1 және Шыңғырлау ауданында - 1 жағдайы анықталды.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығына да COVID-19 диагнозы қойылып, жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
24.06.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясымен жалпы 1267 адам тіркелген, оның ішінде 835-і індеттен жазылып шықты.
zhaikpress.kz