28.06.2020, 12:52
Оқылды: 54

Сырымда журналистің әңгімесінің желісінде фильм түсірілді

Сырым ауданында ҚР Журналистер Одағының мүшесі, журналист, «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Шынар Молданиязованың «Қос қарлығаштың қасіреті» атты әңгімесінің желісінде қысқаметражды фильм түсірілді.

7D1AA947-3328-4B63-9DB0-0E05B86169C9

Әңгімені фильмге айналдырған – Сырым аудандық демалыс орталығы. Орталықтың шығармашыл ұжымы «Зұлмат жылдар» деген туынды түсіріп, ол дүниелері көрерменнің жоғары бағасына ие болған. Олар осы жолы түсірілім алаңы ретінше Шолақаңқаты ауылдық округінің орталығы Тоғанас ауылын таңдапты. Фильмдегі рөлдері Жымпиты және Бұлан халық тетрларының актерлерінен бөлек, жергілікті тұрғындар ойнаған.

- Ш.Молданиязованың әңгімесінде Нұрша әжейдің тағдыры баяндалады. Оның қос қарлығашқа қандай қатысы бар екені әзірге көрерменге жұмбақ бола тұрсын. Бұл туындымызды журналистер күніне тарту ретінде ұсынбақпыз. – дейді фильмнің режиссері Ақкүміс Мұрадымова.

Фильмнің ресми көрсетілімі 29 маусым күні Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің жергілікті журналистермен кездесуінің алдында өтеді. Кейін әлеуметтік желілерге жарияланады.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале