Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық федерацияларға коронавируспен күресу үшін 1,5 млрд. АҚШ долларынан береді.

Бұл жөнінде ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz. Осы бағдарлама аясында FIFA-ға мүше барлық қауымдастыққа, оның ішінде Қазақстанның футбол федерациясына да көмек көрсетіледі. Ұйымға кіретін 211 қауымдастықтың әрқайсысы 1 млн. доллар көлемінде бірегей грант алады, сонымен қатар әйелдер футболын дамытуға қосымша 500 мың доллардан қарастырылған. Ал алты конфедерация 2 млн. доллардың грантына ие болады. Одан бөлек, әрбір халықаралық қауымдастық 500 мыңнан бастап 5 млн. долларға дейінгі несиеге өтінім бере алады. Тек оның сомасы қауымдастықтың жылдық табысының 35 пайызынан аспауы керек. Конфедерацияларға да 4 млн доллар көлемінде кредит ұсынылады.
zhaikpress.kz