29.06.2020, 11:44
Оқылды: 42

Батыс Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз

Батыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. 28 маусым бойынша 95 жағдай тіркелді, оның 53-інде клиникалық белгілері жоқ болса, 42-сі ауру белгілері бар науқастар.

1105FBE9-98DE-4BE0-84E0-06D1CCF929B5

42 науқастың 22-сі өздерінен бұрын коронавирус инфекциясымен ауырғандармен қарым-қатынаста болған адамдар болса, 2-еуі эпидемиологиялық қадағалау бойынша анықталғандар, ал 18 адам ЖРВЖ белгілерімен өздігінен медициналық көмекке жүгінген.

28 маусымда анықталғандарды аумақтарға бөліп қарастырсақ, Бөрлі ауданында - 5 жағдай, Жәнібекте – 8, Бәйтеректе – 4, Теректі ауданында – 1, Орал қаласында – 24 жағдай тіркелді.

 2020 жылдың 28 маусымы бойынша облысымызда коронавирус инфекциясымен 1431 жағдай 821 ошақта тіркелді. 100 тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 218,0 құрады.

03.06.-28.06.2020ж. аралығында ауруының клиникалық белгілері жоқ 1071 тасымалдаушы тіркелді. Облысымызда барлығы 893 адам ауруынан жазылып шықты.

Бүгінгі таңда Ақжайық ауданында – 41 жағдай, Бөкей орда ауданында – 16 жағ, Бөрліде – 41, Жаңғалада – 8, Жәнібекте – 27, Бәйтеректе – 84, Қаратөбеде – 6, Сырымда – 31, Тасқалада – 48, Теректіде – 41, Казталовта – 3, Шыңғырлауда – 6, ал Орал қаласында – 1079 жағдай тіркелді.

Жалпы облысымызда 01.06.2020ж.-29.06.2020ж. аралығында коронавирустық жұқпаның 761 жағдайы тіркелген.  

761 жағдайдың 332-сі қарым-қатынастағы адамдар арасынан анықталса (43,1%), 65 адамнан (9,0%) профилактикалық мақсатта тексеру кезінде, 32 адамнан (4,1%) эпидқадағалау бойынша анықталды, ал 332 адам ауру белгілерімен медициналық көмекке өздігінен жүгінген.

Аурушаңдықтың өсім көрсеткіші 28 маусымда 3,0%, ал 27 маусымда 3,3% көрсетті.

25 аптаның орташа көрсеткіші 2,6% құраса,

24 аптаның орташа көрсеткіші 2,5% құраған болатын.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале