29.06.2020, 13:29
Оқылды: 58

Әр ғимаратта пандус болуы керек

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғауды Мемлекет басшысының өзі басты назарға алып отыр. Оларға қолдау көрсету  - қоғамның ортақ міндеті.

C711839A-05BC-46D7-9694-DAA879ACFAE5

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус орнату мәселесі еліміздегі «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңында анық көрсетілген. Сондықтан олардың қоғаммен етене араласып, қажетті нысандарға емін-еркін кіріп шығуына қолайлы жағдай жасау әрбір мекеме, ұжым басшыларының басты міндеті болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар да өзге адамдар секілді өмір сүруге құқылы. Олар әлеуметтік нысандарға кедергісіз кіріп-шығуы керек. Осы орайда «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының сектор меңгерушісі Гүлбану Сәрсенғалиқызы бастап, І топ мүгедегі Абай Қойшекенов мырзамен аудан орталығында жаңадан салынған дене шынықтыру және сауықтыру кешені ғимаратына барып, ыңғайлы жағдай жасалғанын көріп келдік. Сондай-ақ жаңадан ашылған 24 сағат жұмыс істейтін дәріханаға барғанымызда кіре алмай есік алдында біраз бөгелдік. Пандус арқылы еркін көтерілгенімен, табалдырықтан кіре алмай тұрдық. Әрі арбамен айналуға да тар екенін байқадық. Алдағы уақытта олқылықтың орнын толтырамыз деді дәріхана иесі.

Біздің басты мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау. Көпшілік мекемелерде пандус орнатылғанымен талапқа сай жасалмаған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігіне сай жағдай жасау - баршамыздың міндетіміз екенін ұмытпайық.

Айнұр Алпамысқызы,

Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале