Қазақстандық хоккейші қыз Бұлбұл Қартанбаева Америкада 13-14 жасар қыздардан құралған хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Бұл жөнінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігі мәлімет таратты.
«Қазақстандық Бұлбұл Қартанбаеваны құттықтаймыз. Бүгін ол Американың Нью-Джерси штатындағы Princeton Tiger Lilies хоккей клубының бас бапкері қызметіне кірісті» деп жазды елшілік Instagram парақшасында.
Бұлбұл Қартанбаева - NWHL әйелдер лигасының тарихындағы бірінші қазақстандық спортшы. Ол өткен жылы америкалық «Метрополитен Риветерс» клубымен келісімшартқа отырған болатын.
zhaikpress.kz