Бәйтерек ауданы Дариян ауылының жастары, еріктілер тобы және «Жасыл ел» жасақтары ауыл ішін және округке қарасты Озерный ауылы маңын қоқыстан жинастыруды қолға алды.
Қоршаған ортаның ластанбауына жол бермеу, жас ұрпаққа тазалықты сақтау керектігін үйрету мақсатында қолға алынған «Бірге - Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауыл жастары Дариянда тұратын жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі жандарға да үнемі қол ұшын созуды әдетке айналдырды. Біз қоршаған ортаның ластанып жатқанына немқұрайлы қарай алмаймыз. Сенбіліктер мен тазалық акцияларына жастар белсенді атсалысуда, - дейді бізбен байланыста болған Дариян ауылдық жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мәрзия Қонысбаева.
Жуырда еріктілер Дариян ауылында тұратын кейуана Г.А.Протопопова мен жалғызбасты зейнеткер Р.Х.Шамеловалардың үйлеріне барып, аулаларын күл-қоқыстан тазартып, үй қоршауларына жөндеу жүргізді. Үйлерінің айналасын қалпына келтірген жастардың мұндай қайырымдылық ісіне риза болған зейнеткерлер бастамашыл топ мүшелеріне дән риза.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz