1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай Қособа ауылы орталығында орта мектепті 1995 жылы бітірген түлектердің жұмыла қатысуларымен ауыл балаларына тамаша сый жасалды.
Яғни, мектепті бітіргендеріне 25 жыл болған түлектер Астана, Ақтау, Орал қалаларынан жиналып, өзара ақылдаса келе ауылдағы жасөспірімдердің жазғы, қысқы маусым кезінде алаңсыз демалып, сырғанақ тебулері үшін құны 590 мың теңгелік 420 шаршы метрлік құрылыс жұмыстарын атқарып, пайдалануға берді.
Туған өлкесін ұмытпай, ауылға осындай сый жасаған түлектердің игілікті істеріне ауыл азаматтары, мектеп әкімшілігі алғыстарын білдірді.
Мүсірбек Әлібекұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz