Ауданымызда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты және мүмкіндігі шектеулі жандарға қарайласу шаралары жалғасын табуда.
Жуырда аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың бастамасымен екінші мәрте «Жайық ет» ЖШС-нен 2000 дана бройлер тұқымды балапандар жеткізіліп берілді. 600 келіге жуық арнайы азықтарымен аталмыш топтағы ауылдық округ тұрғындарына бөлінген шөжелер отбасылар үшін үлкен қолдау-көмек екендігінде сөз жоқ.
Жалпы, аудан кәсіпкерлері де, қалтасы көтерген азаматтар да ауылдастарына қарайласу жағынан қалыс қалып жатқан жоқ. Ендігі басты мәселе осы ізгі бастамалардың түпкі нәтижесін көру үшін ауылдастарымыз тарапынан тек еңбек ету қажет деп білеміз.
Гүлім Шынтас
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz