4.07.2020, 18:20
Оқылды: 60

Елорда күніне орай Теректіде жеке балабақша ашылды

 Елордамыздың туған күніне орай Шаған ауылдық округіне қарасты Жаңаөмір ауылында 100 орындық балабақша ашылды. Балабақшаның ашылу салтанатына Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов қатысты.

A8102F53-FCA5-44F6-B3D8-716D50C7FEE2

Жеке кәсіпкер Мақсот Сұлтановтың өз қаржысына салынған балабақшаның ашылуы ауыл халқы үшін үлкен қуаныш болды. Бөбекжайды салуға 86 млн. теңге көлемінде қаржы кеткен. Тұрақты жұмыспен 20 адам қамтылып отыр.

85CCD4CC-02BC-4BAC-8DF4-1576328A9F5C

- Теректі ауданы әкімі Әділ Тауфиқұлымен ең алғаш кездескенде Шаған ауылдық округінде балабақша жоқтығы, сол себепті бөбектер жақын жатқан Подстепный ауылындағы балабақшаға қатынайтыны айтылған еді. Аудан басшысының ұсынысымен Жаңаөмір ауылында балабақша құрылысын бастап кеттім. «Берсең, балаға бер» дейді қазақ. Қазір ауылдың кішкентай бүлдіршіндері үшін балабақшамызда барлық жағдай жасалған. Бұйырса, тағы 100 орындық бөбекжай салу жоспарымда бар,- дейді кәсіпкер Мақсот Мұратұлы.

6D95B871-CD9E-422B-9898-F5F883341725

Бөбекжайдың ашылу салтанатында аудан әкімі  Ә.Жоламанов құттықтау сөз сөйлеп, Шаған ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы В.Полищукпен бірге лента қию рәсімін жасады.

10F2CFED-3AE0-420A-8939-DA6C646E7981

Ата-аналар атынан Жұпар Таңатарова сөз алып, игі істі бастаған кәсіпкер мен аудан басшылығына алғысын білдірді.

 Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале