7.07.2020, 11:09
Оқылды: 20

Атырауда емхана басшысы парацетамолды 10 есе қымбатқа сатқан – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңірлерде дәрі-дәрмекті қымбатқа сататын алыпсатарлардың әрекетіне қалай шектеу қойылып жатқанын айтып берді.

20E65DBE-BA36-4643-AD3D-7D17D36CABEB

«Бүгінгі күні Қазақстанның барлық өңірінде әкімдіктер жанынан мониторинг топтары құрылды. Қоғамдық кеңестер мен үкіметтік емес ұйымдар да дәрі-дәрмек бағасын бақылау жұмысына белсене атсалысуда. Олардың бәрі мемлекет бекіткен шекті бағаны қадағалайды. Баға көтеру жағдайлары бар. Сонымен қатар бізге құқық қорғау органдары да көп көмек көрсетуде. ІІМ қазіргі таңда Қазақстанның барлық өңірінде ауқымды тексерісті бастады. Бірнеше күнгі тексерістерде әлеуметтік желілердегі дәрі-дәрмек пен маскалардың спекулянтты саудасына баса мән берілді», - деді министр бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, дәрі-дәрмекті қымбатқа қайта сатудың бірнеше жағдайы тіркелген. «Мәселен, дәріханалардың қызметкерлері медикаменттерді сөреден чексіз сатқан. Осының салдарынан азаматтар негізсіз қымбат бағаға дәріні сатып алуға мәжбүр болған. 6 шілдеде елордада құқық қорғаушылар «Тойота» маркалы көлікті ұстады. Оның багажы медикаменттерге толы болған. Әлгі азамат 1 миллион теңге пайда тауып, дәрі-дәрмекті қымбаттата сатпақ болған. Автокөлікте 689 дәрінің қаптамасы бары анықталды. Шымкентте тіпті, бір әйел дәріні өз үйінде отырып сатқан. Тексеріс барысында үйден әртүрлі медикаменттердің 229 түрі (10459 қаптама) анықталды. Осы дәрілердің бәрі де ЖРВИ-ды емдеуге арналған дәрілер. Мұндай препараттар антисанитариялық жағдайда сақталған», - деді ол. Сол секілді Жетісай қаласында ЦЕФ ІІІ препаратының 336 қаптамасын бір адамға сату (400 мың теңгеге) жағдайы тіркеліп отыр. Бұл препараттар қаладағы дәріханалардың біріне сатылмақ болған.

«Атырауда медикаменттер тіпті, косметологиялық клиникада сатылған. Құқық қорғаушылар дәрінің осылайша лицензиясыз сатылып жатқанын анықтады. Заңсыз сауданы клиниканың басшысы ұйымдастырған. Онымен қоймай, ол дәрі бағасы ресми шектен бірнеше есе көп болған. Мәселен, 5 мың теңгелік ингавирин үш есе қымбатқа, ал парацетамол тіпті, 10 есе артық бағамен қымбатқа сатылған. Клиникадан 5 мың қаптама тәркіленді», - деді ол.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале