14.07.2020, 14:08
Оқылды: 48

Әлемде соңғы бес күнде 1 млн. адам коронавирус жұқтырған

Reuters агенттігінің хабарлауынша, әлемде коронавирус жұқтыру жағдайларының жалпы саны дүйсенбі күні 13 миллионға жетті. Бес күн ішінде бұл көрсеткіш бір миллионға артқан.

789B3092-9C13-41EB-85CE-403A86B88B73

Коронавирус пандемиясы салдарынан алты жарым ай ішінде жарты миллионнан астам адам қайтыс болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус егер алдын алу шаралары еленбесе, жақын арада қалыпты жағдайға оралмаймыз деп мәлімдеді. Reuters есептеуіне сәйкес, індет Латын Америкасында тез таралуда. Әлемде анықталған ауру жұқтыру және өлім жағдайларының жартысынан астамы АҚШ-тың үлесіне тиесілі. Құрама Штаттарында коронавирусты жұқтырудың 3,3 миллионнан астам расталған жағдайы тіркелген.

Аустралиядағы Мельбурн мен Англиядағы Лестер екінші рет қатаң оқшаулау режимін енгізді.

Гонконг аурудың төмен көрсеткішіне (1522 жағдай) қарамастан, үшінші толқынға қатысты артып келе жатқан қауіп аясында әлеуметтік қашықтық шараларын күшейтуді көздеп отыр. 10 шілде күні Құрама Штаттар әлемде күн сайын ауру жұқтырудың 69 070 жаңа жағдайы тіркеліп жатқанын хабарлады. Жексенбі күні америкалық Флорида штаты індет жұқтырудың рекордтық өсімі туралы хабарлады. Мұнда бір тәулікте 15 000 жаңа жағдай тіркелген. Дүйсенбі күні билік ауру жұқтырудың 12 624 жаңа жағдайы туралы мәлім етті. АҚШ-тың шамамен 40 штатында індет жұқтыру өсімі расталды. Еуропада коронавирустан көп зардап шеккен мемлекеттердің бірі Испания өткен айда ел бойынша карантин режимін тоқтатқан болатын.

Үндістан инфекция жұқтыру саны жөнінен әлемде үшінші орында. Елде шілде айы басталғалы орташа есеппен күніне 23 000 жаңа жағдай тіркелуде.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале