15.07.2020, 14:24
Оқылды: 45

Ауруханаларға 3 млрд. теңгенің медициналық препараттары таратылуда

Еліміздің ауруханаларына құны 3 млрд. теңге болатын медициналық препараттар таратылып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі өткізген брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.

23368F65-C632-4EA0-A57E-9CC8D1A4A11D

Вице-министрдің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта бірыңғай дистрибьютор ауруханаларға құны 3 млрд. теңгеге жуық медициналық препараттарды тарату жұмыстарын қолға алған. Сонымен қатар 3 айға қажетті резерв құру үшін отандық өндірушілерден және импорттаушылардан дәрілік заттар сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Алдағы уақытта науқастардың болжамды саны бойынша бірыңғай дистрибьютор барлық ауруханаларды жыл соңына дейін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қоймаларды толтырады», - деді Людмила Бюрабекова.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале