16.07.2020, 20:31
Оқылды: 42

Орал қаласындағы мәдениет қызметкерлерінің көмегі зор

Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты қаламыздағы дәріханаларда бетперде тапшылығы мәселесіне орай Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты аула клубтары мен комьюнити орталықтарының қолөнер үйірмелері жетекшілері бетперде тігу акциясына да өз үлестерін қосты.

1B2F64EB-8948-47AA-A8F9-12DE3CCAADBC

Соның ішінде үйірме жетекшілері (Юрченько Анастасия, Өтениязова Айнұр, Садихова Бибігүл, Кереева Луиза, Нұрмашева Ақерке, Толстова Алла, Шалаева Әйгерім, Қабиева Сара, Мырзағалиева Маржан, Есенова Аягөз, Үмбетьярова Жанар, Ихсанова Мөлдір, Асылбекова Айнаш, Тәжғалиева Анаргүл, Қойшыбаева Динара, Құсайынова Балауса) екі мыңнан аса бетперде тігіп, тұрғындарға үлестірді.

- Елімізде карантин жарияланғалы бері Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен бөлімге қарасты мекемелерде қызмет атқарған ардагерлер мен көпбалалы аналарға Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты кәсіпорын қызметкерлері көмек қолын созып, азық-түлік таратылды.

Қазақ елі қашан да бауырмал, қайырымдылықты бәрінен биік қойған. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сындарлы сәтте көмек қолын созуда Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, мәдени-ағарту бірлестігінің ұжымы ауқымды жұмыстарды атқара бермек, - дейді Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Анаргүл Сағындыққызы.

Ертай Бимұханов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале