20.07.2020, 20:36
Оқылды: 23

Өңірдегі мекемелерге ремдесивир дәрісі жеткізілмек

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орыбасары Шәрбану Искакова дәріхана қоймаларына антибиотик, вирусқа қарсы препараттар мен парацетамол түсіп жатқанын хабарлады.

IMG-20200720-WA0062

Ал антиконгулянт дәрілер жақында «Медсеривс плюс» ЖШС филиалының дәрі қоймасына түспек. Бұдан бөлек «Талап» АҚ, «Эмити Интернейшнл», «Стофарм», «Аманат» ЖШС-ларының дәрі қоймалары бар екені белгілі. 20 шілде күнгі мәлімет бойынша дәрілік қоймаларда парацетамолдың 950 данасы, вирусқа қарсы дәрілік заттардың 1135 данасы, антибиотиктердің 15000-нан астам данасы бар. Дәріханаларда  5054 дана парацетамол, құрамында парацетомолы бар 16 688 дана дәрілік зат, 15627 дана ацетилсалицил қышқылы, 11 415 дана цефтриаксон, 1098 дана вирусқа қарсы дәрілік заттар, 1040 дана азитромицин таблетка, 363 дана аскорбин қышқылының ерітіндісі, лидокаин инъекцияға арналған 702 дана ерітінді (1%), 223 дана 200 милилитрлік глюкоза (5%) және 141338 дана бетперде, 25 дана сынап термометрі бар.

Дәрі қоймаларына 21-23 шілде күндері парацетамолдың 6000 данасы, құрамында парацетамолы бар дәрілік заттардың 4519 данасы, цефтриаксонның 3000 данасы, ксарелто (15,0 мг) 167 данасы, вирусқа қарсы дәрілік заттардың 1088 данасы және азитромицин таблеткасының 1113 данасы жеткізілмек.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін «Талап» АҚ-на аудандар мен қалалардың дәріханалары бойынша дәрілік заттардың қажеттілігі ұсынылған. «Талап» АҚ өндірушілермен және жақын маңдағы Ресей Федерациясының көтерме сауда қоймаларымен келіссөздер жүргізуде.

Облыс дәріханаларында бар дәрілерге мониторинг онлайн режимінде жүргізіледі, мобильдік қосымша арқылы толтырылып отырады (әрбір дәріхана өздерінде  бар дәрілер мен шығыстарды енгізеді) және stopcovid.kz сайтына орналастырылады.

«СК-Фармация» ЖШС-ның БҚО өкілдігінің басшысы Талғат Абдығалиев компания жыл басынан дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау саласындағы мекемелермен 4,7 млрд. теңгеге келсімшарт жасаған. Күні бүгінге 3,1 млрд. теңгеге келісімшарт талабы орындалған. Шілде айының 1-інен бастап 700 миллион теңгеге қосымша тапсырыс қабылдаған ЖШС мойнына алған міндетті орындамақ. «Қазақстанда және шетелдерден дәрі-дәрмек тасымалдаймыз. Вирусқа қарсы жаңа препараттарға алуға тапсырыс қабылдап жатырмыз. Жақында ремдесивир  дәрісін сатып алып, мекемелерге жеткіземіз», – деді Талғат Абдығалиев.

 Нұртай Текебаев,

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале