22.07.2020, 18:33
Оқылды: 45

Қош келдің, қос «Он екі!»

Қымбатты оқырман! Аудандық  "Теректі жаңалығы", облыстық  "Орал өңірі" басылымдары бетінде және әлеуметтік желіде "Ойбайлатқан он екі" деген мақала жазған едік. Естеріңізге сала кетейік, мақала – Орал-Подстепный бағыты бойынша қатынайтын  №12 маршруттың ескі екенін, сонымен қатар халық саны көп ауылға көлік ішінің тарлығы хақында жазылды.

A38DDE7C-97A8-47B2-A299-E160135E1CA8

Он екінің "жырынан" жалыққан жұртшылық жуырда қуанышқа кенелді.

– Подстепный ауылында қазіргі таңда шағын автобустардан бөлек, көлемі үлкен екі  №12 маршрут жүріп жүр. Ауыл тұрғындары қуаныштарын жеткізіп,  ризашылықтарын білдіруде, – дейді Подстепный ауылының әкімі Сержан Мәдиев.

B81981BC-BD70-4B87-8497-E3E6A1990188

Олай болса, қош келдің қос «он екі!".

 Самал Жамет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале