Казталов ауданында кадр тапшылығы, соның ішінде ақ желеңді абзал жандардың жетіспеушілігі жиі айтылады. Бүгінде бұл мәселенің күрмеуі шешіле бастағандай.
№1 аудандық ауруханаға үш жас маман жұмысқа орналасып, ауыл өміріне араласуда. Аурханаға әдейілеп барғанымызда дәрігерлер қызу жұмыстарына кірісіп те кеткен. Ернар Камалов жалпы тәжірибелік дәрігер, Бермет Әбдімітәліпқызы дәрігер-терапевт және Зарина Шатаева хирург боп қызметтеріне кірісіп жатыр.
Жас мамандар бізбен әңгімесінде ауылға келіп, жұмыс істегендеріне қуанышты екендерін білдірді. Олар бар білімдерін тұрғындардың денсаулығын жақсартуға жұмсайтын болады.
Дәрігерлерге ел ертеңінде атқаратын өлшеусіз еңбектеріңіз табысты болсын дейміз.
Әсем Болат,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz