27.07.2020, 9:29
Оқылды: 33

Шыңғырлауда дәрігерлерді қолдау акциясы өтті

  Елімізде дендеген індет кезінде ел тұрғындары қолдан келген көмектерін беруге ұмтылып жатыр. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен аудандарда медициналық мекемелерге көмек көрсету шаралары іске асырылуда.

CD1623CC-D08F-4E17-9CCA-A5B3AB1D5A72

Жуырда «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы "Ақ халатты абзал жандар ауырмасын" атты акциясын бастаған-тұғын. Акцияның негізгі мақсаты - COVID-19 дертіне шалдыққан науқастармен тікелей қарым-қатынаста болып, өздері де қауіпті жағдайда жүрген ақ халатты абзал жандарға қолдау көрсету.

6D925F2C-7564-4E89-80F7-1627FE6E1057

Акция аясында жуырда облыстық мәслихат депутаты М.Байжановтың, депутаттық фракция мүшелері С.Байтенованың, А.Камзаеваның қолдауымен аудандық аурухананың медициналық қызметкерлеріне тегін қымыз табыс етілді. Дәрігерлердің өздері де бүгінгі таңда үлкен қолдау-көмекке зәру екендігі жасырын емес. Адам өмірі мен денсаулығы үшін тынымсыз еңбек етіп жатқан денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне ризашылық білдіріп, мықты денсаулық пен төзімділік тілеп қайтты.

Осындай ізгі шараны аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары мен «Jas Otan» жастар қанатының жастары да іліп әкетті. Олар "Ақ халатты абзал жандар ауырмасын" науқаны аясында ауыр дертке шалдыққандарды емдеу барысында өз өмірлерін қатерге тігіп жүрген медицина мамандарына қолдау көрсетті. Жастар дәрігерлерге деп алған жеміс-жидектері мен сусындарын табыс етті.

Жасыратыны жоқ, дерттің беті дендеп тұрған шақта ең алдымен салмақ дәрігерлерге түскені анық. Олар өздеріне деген ықыласқа шын разы болды.

                                                                             Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале