Шілде айының 18-і мен 25-ші жұлдызы аралығында Бөрлі аудандық мұсылмандары мешіті және “Парасат“ қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Нұр-Мүбәрак университетінің аға оқытушысы Оралхан Сейдмановпен “Садақа - береке кілті”, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқаймен “Құран оқудың артықшылығы”, Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Оразалиевтар мешітінің имамы Жарқын Мырзатаймен “Отбасы құндылықтары” тақырыбында онлайн-сұқбат өткізілді.
Дін қайраткерлері сұқбатта халықтың көкейіндегі сұрақтарға жауап беріліп, жастарға тәлім-тәрбиесі мол мағлұматтар берілді.
Алдағы уақытта да ислам шеңберінде өзге де дін қайраткерлерімен сұқбатымыз жалғасады.
Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі