Биыл Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша Батыс Қазақстан облысы «Жасыл ел» еңбек және құрылыс жасақтарына яғни XVI еңбек маусымына 1175 квота қарастырылды.
Бүгінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары қаламен қоса аудан аумақтарында да жұмыс жасап жатқандығы мәлім.
- «Жасыл ел» – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама.
Бұл жоба республиканың жас азаматтарының тек қана елдің көгалдануына ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз Қазақстанның өркендеуіне жауапты жаңа буынын тәрбиелеуді мақсат тұтады.
Ұйымның басты мақсаты – жастардың көмегімен аймағымызды көгалдандыру, абаттандыру, сол арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтып, жас ұрпақ арасында патриоттық және экологиялық тәрбиені насихаттау.
Қазіргі уақытта облысымыз бойынша «Жасыл ел» жасағында аудандардан 529, қаламыздан 453 сарбаз еңбек етіп жатыр. Сарбаздар түгелге формалармен қамтамасыз етілді, - дейді Батыс Қазақстан облысы «Жасыл ел» еңбек және құрылыс жасақтарының басшысы Асылан Тапишев.
«Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде бүгінгі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтқан емес. Осы орайда қаншама жастар бос уақытын тиiмдi өткiзе отырып, еліне қызмет етіп жүр.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz