«Nur Otan» партиясы республикалық деңгейде коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «BizBirgemiz!» республикалық акциясын жариялағаны белгілі.
Бұл күндері «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған акция республика, облыс, қала, аудандарда жалғасын тауып келеді. Оған «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы мен «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері де белсенділікпен қатысуда.
Дүние жүзін шарпыған індеттен біздің еліміз де зардап шегуде. Халық пен билік арасындағы алтын көпір саналатын «Nur Otan» партиясының мүшелері науқас жандарға қажетті дәрі-дәрмек, азық-түлік сынды заттарды жеткізіп беріп, шынайы қамқорлық танытуда.
Елімізде орын алған індетпен күресуде медицина қызметкерлерінің еңбегі ұшан-теңіз. Өз өмірлерін қауіпке төндіріп Covid-19 дертіне шалдыққан науқастармен тікелей қарым-қатынас жасап жүрген дәрігерлерге «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері қолдау көрсету мақсатында қымыз бен саумал жеткізіп берді.
«Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың қолдауымен «Жайлау» шаруа қожалығымен келіссөз жасалып, жасотандық еріктілер бір ай бойы облыстық, қалалық көпбейінді ауруханалар мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жалпы көлемі 1 тонна сусынды күн сайын жеткізіп беру қолға алынды.
- Бұл игі шараны «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымдары да жалғастырып келеді. Індет басталғаннан бері «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» «Өрлеу» бастауыш партия ұйымы да қолдап, түрлі іс-шараларға атсалысуда.
Елімізде "Covid-19" инфекциясы өршіген сәттен бері ерікті топ өкілдері жан-жақты көмек көрсете бастады. Қайырымдылыққа атсалысып жүргендердің көпшілігі ерікті жастар болғандықтан, «Өрлеу» БПҰ алдыңғы қатарда жүрген еріктілерге аз болса да қаржылай қолдау көрсетті.
28 шілде күні «Өрлеу», «Зияткер», «Көмек» бастауыш партия ұйымдары облыстық ауруханада жатқан науқастарға дәруменді тағамдар салынған "Денсаулық пакетін" ұйымдастырып, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділерімен бірге таратты. Облыстық аурухана дәрігерлері бұл пакеттерді үлкен ризашылықпен қабылдады.
Провизорлық аурухананың мамандары қолдау көрсетіп жүрген «Nur Otan», «Jas Otan» жастар қанаты, бастауыш партия ұйымдарына алғыс айтып, күні бүгінде жедел жәрдем көмегіне жүгінетіндердің саны азайып, науқастардың жағдайы жақсарып келе жатқандығын қуана жеткізді.
«Nur Otan» партиясының «BizBirgemiz!» республикалық акциясы аймақта карантин толық аяқталғанға дейін жалғасады.
Қандай қиындық болмасын, бірліктің арқасында жеңіске жететініміз белгілі. Бірлігіміздің арқасында бұл індеттен де тезірек құтылайық, ағайын! – дейді "Өрлеу" бастауыш партия ұйымының төрайымы Софья Ізмұханбетова.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz