5.08.2020, 17:19
Оқылды: 90

Көпір жөндеуге жабылды

Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылы маңындағы Деркөл өзенін кесіп өтетін көпір жөдеуге жабылды.

05AD10AD-06E4-4FD2-9A9C-7B356FECF62F

Енді өзеннің арғы бетіндегі Железнов, Шалғай, Зеленый және Егіндібұлақ ауылдарының тұрғындары айналма жолды пайдаланатын болады. Егер арғы бетке өткіңіз келсе, Қаражар ауылына бара тас жолға түсіп, Поливной елді мекені арқылы Переметный-Егіндібұлақ автожолына түсу қажет. Ол жерден Шалғай бағытына бет алғандар оңға, Зеленыйға баратындар солға бұрылады. Бүгінде айналма жолға барлық белгілер орнатылды.

D41F2AAD-19E9-40DF-A53E-8923217B61C0

Көпір жөндеуді мойнына алған «Асфа» ЖШС барлық жұмыстарды тамыз айының он бесіне дейін аяқтауды көздеп отыр.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале