“Жасыл ел" – сырымдық жастар үшін еліне үлес қосудың, қала берді, жазғы демалыс уақытында еңбек етіп, табыс табудың мүмкіндігіне айналды. Әрине, еңбек жасағының сарбазы болып, туған жерін гүлдендіруге, көгалдандыруға атсалысу кім-кім үшін де мәртебе.
Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Сырым ауданы бойынша "Жасыл ел" еңбек жасағы І маусымының сарбаздары өз жұмыстарын ІІ маусымның сарбаздарына салтанатты түрде тапсырды. Алғашқы маусымда 12 «жасылелдік», оның ішінде 3-еуі Бұлдырты ауылында жұмыс жасап, ауылдарының абаттандырылуына, басты көшелердегі гүлзарларды баптаған еді. Бұдан бөлек, олар аудандағы еріктілер қозғалысына, қоғамдық шараларға белсенді қатысты. ІІ маусымның сарбаздары сол жұмыстарды жалғастырады.
Кеше жастар орталығында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Нұртілеу Болат "Жасыл ел" сарбаздарына арнайы киімдері табысталып, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық орталық мамандары COVID-19 вирусының алдын алу мақсатында арнайы шақыртылып, "Жасыл ел" сарбаздарына қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
Жұлдыз Әлпенова,
"Сырым елі" газетінің штаттан тыс тілшісі
zhaikpress.kz