Құрметті қала тұрғындары, кәсіпорындардың,
қоғамдық ұйымдардың және волонтерлар!
Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Орал қаласының әкімдігімен бірлесіп, 2020 жылдың 22 тамызында «Таза жағалау» облыстық экологиялық акциясын өткізеді.
Орал қаласының маңындағы келесі учаскелердің жағалаулары тазаланады:
- Чапай атындағы бөгеуден Металлист зауыты ауданындағы жағажайға дейін;
- Металлист зауыты ауданындағы жағажайынан қолданыстағы жағажай сорғы станциясына дейін;
- қолданыстағы жағажай сорғы станциясынан тас жол көпіріне дейін;
- Стелладан Соборға дейін;
- Собордан Хан тоғайындағы жағажайына дейін;
- Хан тоғайындағы жағажайдан Шаған өзенінің сағасына дейін;
- Коминтерн ауылындағы Жайық өзенінің жағасы;
- Шаған өзенінің жағасы (ЦОН аймағынан Динамо ст.дейін);
- Шаған гидроторабының төменгі бьефі;
- Деркөл өзенінің бөлігі, Селекционный ауылы;
- Шаған өзенінің бөлігі, Мичурин ауылы;
Аталған акцияға облыстың барлық тұрғындарын белсене қатысуға шақырамыз.
Қатысуға және қосымша ақпарат алу үшін БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына Сарайшық көшесі, 47-үй, 3-қабат мекен жайы бойынша немесе 8 (7112) 24-09-79 телефон нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.
zhaikpress.kz