Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің орталығында көшелерді абаттандыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Жымпиты ауылдық округінің әкімі Бекболат Мухамбетжанның айтуынша, аудан орталығындағы көшелерге жаяу жүргіншілер жолын салу белгіленген жоспарға сәйкесті қолға алынған. Мысалы, осы бағыттағы жұмыстар басты көшелерде аяқталса, таяуда Өлеңті ауылына дейінгі жүргіншілер жолын (тротуар) салу жұмысы аяқталып, Қарасу мөлтек ауданындағы Х.Сүйірбаев және С.Датов көшелері аралығындағы жүргіншілер жолын салу басталды.
Аудан орталығындағы тағы бір айта кетерлік оңды мәселе орталық көшелерді жарықтандыру мақсатында "Таймер" жүйелік уақытпен және күн сәулесімен ырғақты жұмыс жасайтын жаңа үлгідегі 40 дана электр шамдары С.Сейфуллин көшесіне, Өлеңті ауылы орталығындағы асфальтты жолдың бойындағы бағандарға толықтай орнатылды.
Аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтың нұсқауына сәйкес ауылды абаттандыру, көше шамдарын жаңғырту бағытында аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, басты жұмыстар жалғасын табуда.
Мүсірбек Айташев,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz