21.08.2020, 16:27
Оқылды: 59

Бәйтеректе биыл 257 шаруа қожалығы егін жинау жұмыстарына қатысты  

 «Adalkomek» жобасы аясында Бәйтерек аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Лауаз Уәлиев инстаграм желісі арқылы тікелей эфирге шықты. Онда бөлім басшысы өз саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталды.

Lauaz (1)

– Биылғы егін жинау жұмыстарына 257 шаруа қожалығы қатысуда. Аудан бойынша барлық егіс алқабы 231 251,3 гектарды құрайды. Оның ішінде күздік дақылдар – 55,797га., жаздық дәнді дақылдар – 78 503,3 га., майлы дақылдар – 56 201,3 га., мал азықтық дақылдар – 37 199,7 га,. картоп – 1700 га,. көкөніс 1300 га және бақша 550 га құрайды. Алдағы жылға күздік дақылдарды егу бойынша 17 950 га күздік бидай, 180 га. қара бидай егілді. Бұдан бөлек, қазіргі таңда 1674 га. жаздық бидай, 3458 га. арпа, 400 га. күнбағыс, 1950 га. мақсары, 502 га. картоп және 30 га. көкөніс егілді, – дейді  Лауаз Жеңісұлы.

Сондай-ақ биылғы жеті айда ауданда «Еңбек» бағдарламасы бойынша 47 жеке кәсіпкер 191,4 млн. теңге несие алды. Атап айтқанда 73,9 млн. теңгеге 213 ірі қара, 19,1 млн. теңгеге 388 қой, 4 млн. теңгеге 8 жылқы, 2,5 млн. теңгеге 67 шошқа, 3,2 млн теңгеге 1553 құс сатылып алынған.

– «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2010 жылдан бастап 22228,7 млн. теңге болатын 128 жоба мақұлданып қаржыландырылды. Жаңадан 1005 жұмыс орны құрылды. 2017 жылдан бастап «Бастау Бизнес» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба жүзеге асқаннан бері 727 адам оқытылды.

Ал инвестициялық жобалар бойынша  «World Green Company» ЖШС Мичурин ауылдық округінде қызанақ пен қияр өсіру үшін жылыжай кешенін салуда. Жоба құны 13 млрд. теңге. Кешен жылына 4400 тонна қияр мен 3450 тонна қызанақ өсіруге қауқарлы болмақ. Рубежин ауылдық округінде «134» ЖШС жылына 30 млн. дана кірпіш өндіретін зауыт салуда. Сонымен қатар Белес ауылдық округінде құны 9,5 млрд. теңге қуаттылығы 225 Мвт болатын «Дата центр» Орал технологиялық паркінің есептеу орталығы, «LLY «AGRO-ENERGY» ЖШС-ның виртуалды деректерді сақтау, интернет платформаларды орналастыру және қызмет көрсету орталығының құрылысы жүруде, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

Биыл бұлардан бөлек, Январцев ауылдық округіндегі «Вayston» ЖШС орталығы жеміс-көкөніс қоймасы, Белес ауылдық округінде «Zhaik Petroleum LTD»ЖШС 50 мың тонна сұйық метанол және жылына 137 мың тонна дизель отынының компонентін өндіретін зауыт іске қосылмақ. Ал қыркүйек айында Махамбет ауылдық округіндегі құны 860 млн. теңге болатын, «Батыс Трейлер» ЖШС-ның жылына 200 бірлік жартылай тіркеме техникасын шығаратын зауыттың құрылысы қолға алынбақ. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей шекарасында Самара – Шымкент тас жолы бойында құны – 300 млн. теңге болатын, «Сырым» логистикалық орталығының құрылысы басталады деп күтілуде.

 

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале