«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау және Мереке ауылдық медициналық пунктінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарының жүру барысын тексеру мақсатында аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия төрағасы Сансызбай Рахимов және партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Ганмирлан Тұрғаналиев бақылау жүргізді.
Жоба мердігері болып «ЛАЙГЭ» ЖШС-нің басшысы Нұртай Жұмашев анықталған болатын.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып, құрылыс обьектісін тапсырыс беруші Тасқала аудандық ауруханасына тапсыру жұмыстары қалды. Жоба бойынша жалпы жеті жұмыс орны, соның ішінде аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы төрт жұмыс орны ашылған. Тасқала аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы төрт адамға (жергілікті жұмыссыздар) жұмысқа жолдама берілді.
Г.Тұрымбетова,
«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы консультанты