Тасқала ауылдық округінде «Таза жағалау» акциясы аясында Деркөл өзені бойын көң-қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастырылған шараға 51 мекеме, 300-ге жуық ауыл тұрғыны қатысты. Сенбілікке «Аудандық коммуналдық шаруашылығы» ММ және «Нұр» ЖК техникалары жұмылдырылды. Ауылдық округтен 4,5 тонна қоқыс шығарылды.
Болат Бек,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz