Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты – Ата Заң.
Осыдан 25 жыл бұрын бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстанның көпұлтты халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге паш етіп, көптеген елдермен терезесі тең, іргетасы мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет екендігін танытты. Нақтырақ айтсақ, 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Ата Заңы еліміздің әр тұрғынының басты бағдаршамына айналып, еңбек ету, сөз бостандығы, өз құқығын қорғау, тағы басқа да егемен елдің азаматтарына тән мүмкіндіктерге жол ашып берді. Сондықтан Конституция күні – біз үшін қасиетті күн. Әрі осыған орай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың да маңызы айырықша. Амангелді ауылдық кітапханасында өткен "Ата Заң - тәуелсіздігіміздің діңгегі, ел тірегі" атты поэзия сағаты да өз ерекшелігімен есте қалды. Онда оқырмандарға Ата Заңымыздың басты құжат ретіндегі маңызы кеңінен әңгіме болды.
Өз кезегінде шараға қатысушылар Ата Заң тақырыбындағы өлеңдерді жатқа оқып, өнерлерін де ортаға салды. Соңынан "Конституция – мемлекеттің негізі" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Гүлназ Мұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz