ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен Теректі ауданының әкімі болып Арман Кәрімұлы Өтеғұлов тағайындалды.
Арман Кәрімұлы Өтеғұлов 1964 жылы туған. Білімі жоғары. Саратов зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «ветеринарлық дәрігер» және «экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі бар.
Әр жылдары:
- Орал облысы, Фурманов ауданы, Ақкөл совхозының аға ветеринар дәрігері;
- Батыс Қазақстан облысы, Фурманов ауданы, Ақкөл совхозының, кейін Ақкөл ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорнының бас ветеринар дәрігері;
- Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы «Талдыапан» ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорнының директоры;
- Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің орынбасары;
- Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімі;
- Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімі;
- Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;
- Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
- Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;
2018 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
zhaikpress.kz