2020-2021 жылдардағы жылыту кезеңінің өту мәселесі бойынша Жаңақала ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, №16 өрт сөндіру бекеті, электр торабы және Жаңақала ауылдық округі әкімдігі қызметкерлері бірлесіп, ауыл тұрғындарының жергілікті тұратын үйлеріне рейд жүргізді.
Мұнда сала мамандары халықтың әлеуметтік осал топтарына, жетім балаларға, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, ардагерлерге, мүгедектерге өрт қауіпсіздігінің алдын алу жөнінде және беті ашық құдыққа абай болуларын толыққанды түсіндіріп, сақтану ережелерін айтып өтті. Сондай-ақ тұрғын үй иелерінің келісімі бойынша жылыту жүйесі тексерілді. Ауыл тұрғындарына сақтық шараларының алдын алу бойынша жадынама қағаздары таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жаннұр Шахманова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz