29.08.2020, 17:25
Оқылды: 53

Теректіде ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Теректі аудандық Достық үйі алаңында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

064CE844-6CC0-490A-9591-33CC6304CD27

Бейбітшілік пен бостандықты, азаматтардың ерік-жігері мен құқығын, сенімін қорғайтын, қазақстандықтардың бәріне ортақ Ата Заңымыздың мерейтойында аудан әкімі Арман Өтеғұлов сөз сөйлеп, жерлестерін айтулы күнмен құттықтады.

0FAFC2A4-E392-48B8-8813-351D1811773A

Салтанатты шарада ауданымыздың дамуына үлес қосқан бірқатар теректіліктер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Атап өтсек, Теректі ауданы әкімінің орынбасары Ержан Досмақов, Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Шолпан Какижанова, Долин ауылының тұрғыны, зейнеткер Баянсұлу Бигеева, Ақсоғым ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Күнжамила Есенова, «КазАкБас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал дәрігері Туыс Кауешев, «Қазақтелеком» АҚ филиалы Батыс аймақтық телекоммуникациясы дирекциясының телефонисті Келіс Сақпаев аудан әкімінің қолынан медальдарын алды. 

BFD484ED-B45D-4521-99E6-944CF0B7AD14

Федоров ауылының тұрғыны, зейнеткер Геннадий Креймер, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Берік Габдыгалиев, Теректі аудандық орталықтандырылған ауруханасының акушер-гинекологі Людмила Воронина, Теректі ауданынның №2 ауруханасы директорының орынбасары Саягүл Аденова «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мемлекеттік төсбелгісін иеленді.

Покатилов ауылдық округінің әкімі Абзал Хами мен Ақжайық ауылдық округінің әкімі Болат Қадыралиев «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының өңірлік деңгейіне белсенді қатысқандары үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің алғысхатымен марапатталды.

190FF61D-69EB-4916-ABCB-E898F6AB1273

Теректі аудандық орталықтандырылған ауруханасының кордиологі Эльвира Имангалиева, медбике Гаухар Мухамбетова, хирург Еркін Бурабаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Батима Бахитова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ляйля Ашикова, «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» газетінің директор-редакторы Әділет Орынбасаров, мәдени-демалыс орталығының заңгері Дина Самихова, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ақпараттық талдау маманы Еламан Зейнулин, білім беру бөлімінің инженер-құрылысшысы Георгий Маржухин, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық жанындағы еріктілер тобының мүшелері: Виктория Бакаушина, Ботагөз Қайыржанова Теректі ауданының әкімі Арман Кәрімұлының атынан алғыс хат иегерлері атанды.

Марапаттау рәсімінен соң, теректіліктер өнерпаздардардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале