1.09.2020, 12:06
Оқылды: 114

Қарауылтөбеде дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

Ambulatoria (1)

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Асқар Абуғалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дархан Хайрушев қатысты.

Ambulatoria (2)

1968 жылы салынған ғимаратқа бұл жасалып тұрған алғашқы күрделі жөндеу. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасына сәйкес жөндеу жұмыстарына 54,3 млн. теңге  бөлінген. Ауданымызға белгілі кәсіпкер Нұрлан Салықов жетекшілік ететін «Нұр-Ғасыр» ЖШС нысанды жаңғыртуға сәуір айында  кіріскен болатын. Төрт айға жалғасқан  жұмыстарға ауылдан 9 адам тартылған.

Ambulatoria (4)

- Амбулатория ашылған жылы тіс дәрігері болып жұмысқа орналастым. 26 жыл осында біраз керемет мамандармен әріптес болдым. Міне бүгін тозығы жеткен ғимаратты жөндеп, ажарын кіргізген құрылысшылар мен аудан әкімдігіне алғысымды білдіремін. Амбулаториямыз ауыл-елдің көркеюіне атсалысатын білікті маманға толы болсын, – деді еңбек ардагері Мәрия Райсова.

Ambulatoria (5)

Сонымен қатар Бударин ауылдық округіне қарасты Коловертное медициналық пунктінде де күрделі жөндеу аяқталуға жақын, ол да таяу күндері пайдалануға беріледі.

Азамат Қанапия,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале