Конституция – біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Осыдан 25 жыл бұрын еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданған болатын және ол Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Таңдаған жолымыздың дұрыстығы арқасында ел тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңінен сәтті өттік. Қазақстан дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік деңгейде лайықты орын алды.
Осындай мерейлі мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес кеудесіне мерекелік төсбелгі таққан азаматтар аз болмады. Әлеуетіміздің артып, экономикамыздың дамуында өзіндік үлесі бар, әр салада еңбек етіп келе жатқан асыл жандар ардақты марапатқа қол жеткізді. Мереке қарсаңында жиын өткізген Тасқала ауданы әкімі Алдияр Халелов елеулі, халқына қалаулы жандарды марапаттарымен құттықтады.
«ҚР Конституциясына – 25 жыл» төсбөлгісі ауылшаруашылық саласына сіңірген еңбегі үшін Ерлан Изғалиев, Ерлан Нетказиев, Құбайдолла Танабаевқа табысталды. Сонымен қатар білім саласына сіңірген еңбегі үшін Жеңіс Қойшыбаев марапатталды. «ҚР Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалімен мәдениет саласындағы жетістіктері үшін Алма Аюпова, мемлекеттік қызметтегі еңбектері үшін Әсел Ибраева, Бәтима Кентоғаева, Самиғолла Шүкіров және еңбек ардагері Қарлығаш Тасқалиевалар мадақталды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының алғысхатымен «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсына белсенді қатысқаны үшін Шежін ауылдық округінің әкімі Алғадай Жамбыл марапатталды.
– Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күнінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтап, әр шаңыраққа береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! – деп аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы өзінің жүрекжарды құттықтауын жеткізді.
Б.Асқарбекұлы,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz