3.09.2020, 11:07
Оқылды: 6

Ақ Жайық өңіріне «Atamnyn Amanaty» келді

2 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқарамасының ғимараты базасында республикалық «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Райгүл Мушанова Ақ Жайық өңірінің өлкетанушыларымен кездесіп, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Аманың аманаты

Отырыста жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, майдан даласында хабарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру, шайқас болған жерлерде қазба жұмыстарын жүргізу, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау жөнінде келелі әңгіме қозғалды.

- «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі еліміз бойынша екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздестіру жұмыстарымен айналысатын, майдан тақырыбын қозғайтын бірден-бір ұйым. Бірлестік 2019 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.

Екінші дүниежүзілік соғыс зардабын Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Жәнібек аудандары да тартты.

«Астархан – Саратов» темір жолы бойында 40-50 шақты бауырластар зираты кездеседі. Бұл жерлермен Сталинград шайқасына қатысушы эшелон өткен. Соғыс зардабынан майдан даласында жауынгерлермен қатар, бейбіт адамдар да көз жұмды.

Соғыс жылдарынан кейін жергілікті халық көптеген жауынгерлердің мүрделерін кезіктірді. Бұл турасындағы жұмыстар жауынгерлердің аты-жөндерін анықтауда әлі де болса зерттеуді қажет етеді.

Бүгінгі таңда майдан даласында қаза болып, хабарсыз кеткендерді іздестіру жұмысы толық аяқталды деуге ерте. Біз осы бағытта жергілікті өлкетанушылар бірлесе жүйелі жұмыстар жүргізетін боламыз, - дейді «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Райгүл Мушанова.

Келелі кеңеске елімізге белгілі өлкетанушы, майдан тарихын зерттеуші жерлестеріміз Ахмедияр Батырханов, Айболат Құрымбаев, т.б. қатысып отырды.

Республикалық «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Райгүл Мушанова отырыстан соң Бөкей ордасының Сайхын ауылына жол тартты.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале