3.09.2020, 17:52
Оқылды: 46

«Киргенев» шаруа қожалығы 320 мың теңгеге көмек көрсетті

Бәйтерек ауданында «Мектепке жол» атты акциясы жалғасуда.

Karatobe

Күні кеше Железнов ауылдық округіне қарасты Новенький жалпы орта мектебінің жанынан құрылған волонтерлар тобының мүшелері мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларға оқу құралдарын тарту етті.

Акция барысында сыйға таратылған мектеп құралдарын жыл сайын аталмыш ауыл мектебіне қолдауын білдіріп тұратын «Киргенев» шаруа қожалығының басшысы Қайыржан Киргенев алып берді. Биыл да новенкийлық бүлдіршіндерді назарынан тыс қалдырмаған Қайыржан Есенгелдіұлы 320 мың теңгеге оқушыға қажет құрал алып, мұқтаж отбасы балаларына сыйласа, атын атауды жөн көрмеген ауыл мектебінің түлегі 20 мың теңгеге демеушілік көрсетті.

Мектеп ұстаздары мен ата-аналар ауылға жаны ашыған атымтай жомарт азаматтарға ризашылығын білдіруде

Айта кететін тағы бір жайт, «Киргенев» шаруа қожалығы тек Новенький мектебіне ғана емес, Железнов, Шалғай, Егіндібұлақ және Зеленый мектептеріне де қаржылай қолдауын көрсетіп тұрады.

 Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале