4.09.2020, 10:00
Оқылды: 365

Қала күніне орай фотобайқау жарияланды

Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Қала күні - 2020" мерекесіне орай 2-21 қыркүйек аралығында фотобайқау жариялады.

Орал

Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының орталығы. Ол Қазақстанның солтүстік батыс аймағында орналасқан. Ресей Федерациясының Астрахань, Волгаград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен және Қазақстанның Атырау, Ақтөбе облыстарымен шекарасы бар.

Орал қаласы Жайық өзені ағыстарының орта оң жақ бойында орналасқан. Қала маңында ағып Жайыққа келіп құйылатын Деркөл, Шаған өзендерінің де табиғи ерекшеліктері мол екендігі белгілі.

- Фотобайқау шарттары бойынша қатысушылар қаланың ең көрікті жерлерінде жеке, отбасымен, достармен түскен фотосуреттері жарияланады. Фотосуреттердің уақыт аралығы 10-15 жылдан кем болмауы шарт.

Бір ескерте кететін жайт, қатысушылар @madeniet_oral парақшасына тіркелген болуы қажет.

Байқауға қатысушы фотосуретті өз инста парақшасына салып, #oralfoto2020 хэштегін және @madeniet_oral инстаграм парақшасын белгілеуі шарт болып есептеледі.

Ал жеңімпаз-жүлдегерлер лүпіл саны арқылы анықталатын болады.

Фотобайқау қорытындысында үздік деп танылған 10 қатысушы ұйымдастырушы тарап атынан бағалы сыйлықтармен марапатталады, - дейді Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Айару Бақытова.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале